ОҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық азайған
Әбдіғани Сейдуалиевтің сөзінше, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 26,4 пайызға, ал көшеде жасалған қылмыстар 32,9 пайызға төмендеген. Жалпы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 12,4 пайызға, мал ұрлығы қылмыстары 18,8 пайызға кеміген.
«Жол-көлік оқиғаларын алдын алу, сондай-ақ облыс автожолдарында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту, ауыртпашылықты төмендету мақсатында, ағымдағы жылы облыс аумағында «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Абайлаңыз балалар», «Автобус», «Мас жүргізуші-қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп, өз жалғасын табуда», - деді Әбдіғани Тойшыұлы.
Ал, профилактикалық шаралардың нәтижесінде облыс аумағындағы жолдарда орын алған жол көлік оқиғалары 5,9 пайызға төмендеген. Алайда облыстық және жергілікті маңызды автожолдарда болған 801 ЖКО-ның салдарынан 142 тұлға қаза тауып, 1133 тұлға әртүрлі дене жарақат алған.
Бұдан бөлек, табиғатты қорғау саласы бойынша 170 қылмыстық істер қозғалып, 624 әкімшілік құқықбұзушылық жәйттері анықталған. ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің құрылымдары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып «Табиғат», «Қызғалдақ», «Уылдырық», «Жер қойнауы» сынды алдын алу іс-шараларын ұйымдастырып келеді.