ОҚО-да тұзданған топырақтарды жаңа инновациялық технологиялар арқылы игеру жайы талқыланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Тұзданған топырақтарды жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүгері дақылының өнімін арттыру» тақырыбында халықаралық далалық семинар өтті. Онда Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанның ауыл шаруашылық өнімімен шұғылданатын компания басшылары және менеджерлер, сондай-ақ, елімізге белгілі ғалымдар, облыстық ауыл шаруашлығы басқармасының қызмеркерлері өзара тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Семинарды салтанатты түрде ашқан Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына тоқталып өтті. Өңірдегі экологиялық апаттың алдын-алу мен топырақтың құнарлылығын арттыру, шаруалардың еңбек өнімдерін еселеу мақсатында қолға алынған жобаларды баяндады. Жүгері кластерін дамыту және суармалы жерлердің тұздануы мәселелерін, су тапшылығын шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Ал, Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми - зерттеу институтуның бас директоры Абдулла Сапарұлы еліміздегі топырақ деградациясы және олардың құнарлағын жоғарлатудың қазіргі заманғы әдістері жөнінде арнайы баяндама жасады. Түркия елінен келген «Түрік селекция орталығының» өкілі Хусейін Алтыншаш жүгері ұрығының сапасы жөнінде қысқаша хабарлама жасады.

Семинар барысында Ордабасы, Бәйдібек, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласынан келген қонақтар мен шаруашылық төрағалары «Ақтөбе-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде болып, 105 гектар жерге егілген жүгерінің жаңа сортымен танысты. Аталмыш кооператив өкілі Елғонды Әлмахановтың айтуынша, аталған шаруашалық алдыңғы жылдары жүгеріден 50-60 центтнерден өнім алып келген. Биыл институт ғалымдармен бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесінде гектарына 130-140 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр екен. Жүгерінің жаңа сортына семинарға қатысушы шаруалар «Отырар» немесе «Оқсыз» атауын беру туралы ұсыныстарын ортаға салды. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы отырарлықтар жыл сайын жүгері дақылының көлемін ұлғайтып қана қоймай, оны терең өңдеуді мықтап қолға алғандығына баса айтты. Сонымен қатар жер асты суының деңгейін төмендету мақсатында коллектр, дренаж жүйелерін қалпына келтіру және су тапшылығын жою мақсатында «Сырдария-Арыс» (Ақын-Жақып) каналын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

null

null

null

null

Соңғы жаңалықтар
telegram