ОҚО-да Ұлттық бірыңғай тестілеу материалдарын сатқандар 5 жылға дейін сотталды - Жоғарғы Сот

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу материалдарын сату оқиғасы мемлекетке 16,5 млн. теңге шығын келтірді.
None
None

Бұл туралы бүгін Жоғарғы Сотта өткен апталық брифингте ведомствоның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

«Шымкент горнизонының әскери сотымен төрт азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды. Іс материалдарына сай, олар мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, яғни Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарын заңсыз алып, оны сатуды ұйымдастырған», - дейді ол.

Олардың әрекетінен мемлекетке 16 573 998 теңге көлемінде шығын келтірілді.

Тергеудің нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті және білім беру жүйесінің қызметкерлерімен ҰБТ кезінде мәліметтердің тарап кетуіне жол бергендіктері анықталды.

Оксана Петерстің атап өткеніндей, олардың барлығы 3,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының түлектері ҰБТ кезінде 100 баллдан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген болатын. Сол кезде мемлекеттік комиссияның мүшелері аталмыш аймақта мәліметтердің тарап кетуі мүмкін деп күдіктенген еді. Содан кейін түлектер қайтадан тестілеуден өткізілді.

Соңғы жаңалықтар