ОҚО-да үш жұп егіздерді өмірге әкелген анаға «Алтын алқа» тапсырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында үш жұп егіздерді өмірге әкелген анаға құрмет көрсетілді. Түлкібас ауданында тұратын Ұлболсын Жасымбековаға аудан әкімі «Алтын алқа» тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

ОҚО-да үш жұп егіздерді өмірге әкелген анаға «Алтын алқа» тапсырылды

Еліміздегі  алтын құрсақты аналардың қатарына қосылған келіншектің бұл күнде сегіз перзенті бар. 33 жастағы келіншек егіз алты ұл-қыздан бөлек, тағы екі баланы өмірге әкелген. Сала мамандарының сөзінше, бір ананың үш жұп егіздерді өмірге әкелуі тіпті республика көлемінде де сирек кездеседі екен.

null 

Егіздердің ата-анасы аудандық емханада  дәрігер болып еңбек етеді. Жас отбасы 2012 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтылған.   Алтын құрсақты ананы Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қабылдап, салтанатты жағдайда сый-сияпат табыстады. Аудан басшысы «Алтын алқаны» иемденген Ұлболсын Жасымбекованы құттықтай отырып, демографиямызға үлес қосып отырғаны үшін ризашылығын білдірді. 

Жас отбасының тұңғыш қыздары Аружан 4-сыныпта оқыса, егіз қыздары Қымбат пен Сымбат 7 жасқа аяқ басты. Одан кейінгі егіздері - Ұлжан мен Ұлпан 5 жастан асты. Ал, Ақарыс атты ұлдары 3 жаста болса, 2015 жылы бұл батырдың ізінен егіз інілері Бекарыс пен Жанарыс есімді балақайлар дүниеге келген. 

null