ОҚО-да йогурттар түйе сүтінен дайындалады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында созақтық кәсіпкер түйе сүтінен йогурт дайындауды қолға алды.

ОҚО-да йогурттар түйе сүтінен  дайындалады

Аудан орталығы - Шолаққорған ауылындағы «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік коорперативі осынау кәсіп түрімен айналысып жүрген бірден-бір кәсіпорын. Кооператив түйе сүтінен бөлек, сиыр сүтін де қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бүгінде серіктестік төрт түрлі ағарған - шұбат, сиыр сүті, айран, қаймақ әзірлеп, жергілікті дүкендерге жөнелтуде. Ал, таяуда сүттен йогурт пен кілегей әзірлеп, енді сауда орындарына таратпақшы. Алушылар негізінен  уран өндіретін өндіріс орындары болып отыр.
null 

«Алғашқы кезде 500 литрге лайықталған жұмыс істедік. Қазіргі түйе сүтін өңдеу мүмкіндігі тәулігіне 1 тоннаға дейін жетіп отыр. Осылайша, ісімізді жолға қойып келеміз. Таяуда, аудандағы уран өндіру кәсіпорындарымен ондағы әрбір жұмысшыға 0,5 литрден шұбат жеткізіп отыруға келісімге келдік», - дейді «Аруана» өндірістік коорперативінің төрағасы Жанболат Әдишов.
null 

 Жалпы,шұбат өңдеу цехы орналасатын ғимаратты дайындап, жөндеу жұмыстары мен сүтті өңдейтін құрылғыны алу үшін кооператив жетекшілігі «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС-нен 12 млн. теңге несие алған. Бүгінде жұмысын жандандырып жатқан ұжымшар алдағы уақытта түйе сүтін өңдеу үлесін арттыру арқылы күніне оның тәуліктік қуатылығын 5 тоннаға дейін жеткізбек ниетте. Осылайша кәсіпкер өз ісін дамытып, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап қойған. Айта кету керек, Созақ ауданында бүгінгі таңда 10 мыңға жуық түйе бар.

null