ОҚО-да «Ырыс» қаржы ұйымы арқылы мыңнан астам жоба қаржыландырылған

Бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама аясында қаржы ұйымы 1003 жобаны 2,1 млрд теңгеге қаржыландырды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд теңгеге 888 жоба; егін шаруашылығы бойынша 106,5 млн теңгеге 44 жоба; ал әр түрлі қызмет түрлері бойынша 150 млн теңгеге 71 жоба жүзеге асырылған.
«Биыл аталған бағдарлама бойынша облысымызға 7,0 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, оның 3,8 млрд теңгесі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы таратылды. Ол жерде кәсіпкерлерге ең жоғарғы сома 3,0 млн теңгеге дейін берілді», - деді Х.Назарметова.
Айта кетейік, қаражатты алуға ниет білдірген азаматтар ең алдымен «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының талаптарына сай келу керек. Берілетін несиенің максималды сомасы 6,0 млн теңге, жылдық сыйақысы 7%, 54 айға дейін беріледі. Ал несие алушыларға қойылатын талаптары ретінде, бизнесті (жобаны) іске асыратын орнының болуы, несие тарихының таза және соңғы 12 ай ішінде төлемі кешіктірілген несиесі болмауы шарт.