ОҚО-да жаңа басқарма құрылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа басқарма құрылады. Пилоттық жоба ретінде құрылатын басқарма «Отбасы және жасөспірімдер ісі» деп аталмақ. Басқарма аймақтағы жасөспірімдердің ісінен өзге әйелдерге қатысты барлық мәселелерді қарайтын болады. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

ОҚО-да жаңа басқарма құрылады

ҚР Бас прокуратурасы ұсынған пилоттық жоба әзірге тек Оңтүсік Қазақстан облысында ғана жүзеге асырылады. Себебі, өңірде халық саны көп. Екіншіден, әйелдер отбасылық жағдайына байланысты оқиғалар туралы ашық айтқанды жөн көрмейді. Мәселен, өткен жылы облыста әйелдердің зомбылығы бойынша 12812 оқиға болса, биылғы жылдың бес айында осындай 4230 жағдай тіркелген.

Бұдан бөлек Сарыағаш ауданы мен Шымкент қаласында «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығы» ашылмақ. Орталық әлеуметтік күйзеліспен баланысты мәселелермен және олардың алдын алумен айналысады деп күтілуде.

Егер бұл бастамалар тиімді деп танылса, еліміздің барлық өңірлерінде де осындай басқармалар жұмыс істейтін болады.