ОҚО-да жас блогерлер мен әлеуметтік желі белсенділерінің басқосуы өтті
Жоспарлы басқосуда жастарға қоғам белсенділері арнайы семинар-сабақтар өтіп, әлеуметтік желілерде ой-пікірді сауатты жеткізудің мәнісін түсіндірді. Өз кезегінде жастар ақпараттың жылдам таралатын жерінде оның шынайы болуы, көпшіліктің назарына ілігуі мен өзгелерге деген сенім қалыптастыруға сеп болатынын білді.
«Блогер дегеннің өзі - Сіз бен біздің жәй-күйімізді күйттеп, қоғамның қозғаушы күшіне айналатын адамдар ғой. Әлеуметтік желінің бүгінгі белсенді өкілі болғаныммен, мен алдағы күндері блогер ретінде парақшамды жүргізгім келеді. Қазіргі арман-мақсатым да осы», - дейді Созақ ауданынан келген әлеуметтік желінің белсендісі Айгерім Айтаханова.
Айта кетейік, айтулы жоба аясында осы жылдың маусым айында жастарға арнайы семинар-сабақтары ұйымдастырылған болатын. Онда 250-ге тарта ауыл жастары мен журналистер, белсенді жастар дұрыс ақпарат тарату, парақшаны алып жүру мен дұрыс пікір білдіру мәселелерін талқылаған еді.