ОҚО-да жас кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден грант берілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елімізде алғаш рет қолға алынған «Жастар корпусын дамыту» жобасына Кентау қаласынан 18 жас қатысып, 1 миллион теңгеден грант ұтып алды. Байқауға қатысушылар 5 ай көлемiнде шәкiртақымен және қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етiледi.

ОҚО-да жас кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден грант берілді

Жастарға мол мүмкiндiк беретiн бұл жобаны ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Халықаралық қайта құру және даму банкi бiрлесе жүзеге асыруда. Мақсаты - жастарды әлеуметтендiру, әсiресе аз қамтылған тұрғындар тобын қоғамдық пайдалы iстерге жұмылдыра отырып, ынталандыру болатын.

Ал, Кентау қаласынан грант ұтқандардың басым көпшiлiгi медициналық массаж және тренажер залы, құс фермасы, кондитерлiк, мал шаруашылығы, ағылшын тiлi клубы, шаштараз, тiгiн шеберханасы, ұлттық нақыштағы сөмке тiгу мен брайн кiтабы сынды жобаларын ұсынған.

Айта кетейік, аталған жоба Қазақстанның 4 өңiрiнде, яғни Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында екi жылдық пилоттық жоба аясында жүргiзiледі.