ОҚО-да жасөспірім суға батып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы жағдай Мақтаарал ауданында болды.

ОҚО-да жасөспірім суға батып кетті

Облыстық ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишениннің айтуына қарағанда, оқиға туралы қоңырау сағат 18.50-де келіп түскен. Мырзакент ауылындағы Достық арнасына абайсызда 2001 жылғы жасөспірім суға құлап кеткен.

1 техника мен 5 адамнан тұратын құтқару тобы оқиға орнына шығып, шалғай ауылға 4 сағатта жетті. 40 минуттан кейін 3 метр тереңдіктен жасөспірімнің мүрдесі табылды. Оны сүңгуірлер алып шықты.

Құтқарушылар суға шомылғанда сақтық шараларын сақтауға кеңес береді, биыл өңірдің су қоймаларында 14 адам суға кетті. Үш айда 2-5 жас аралығындағы 10 адам суға батып кеткен.

null