ОҚО-да жеке тұрғын үйдің ауласында 2 жасар бала суға батып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 2 жасар бүлдіршін суға батып кетті. Қайғылы жағдай Манкент ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі

ОҚО-да жеке тұрғын үйдің ауласында 2 жасар бала суға батып кетті

Суға батуға қатысты оқиғалар бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Облыстық ТЖД қызметкерлері бүлдіршін қайғылы жағдай орын алған кезде  ата-анасының қарауынсыз қалғанын айтады.

«18 наурыз күні сағат 19:00-дер шамасында  Сайрам ауданы, Манкент ауылы, Набережная көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында абайсызда 2016 ж.т. жас бала суға құлап батып кеткен. Баланың денесін ата-анасы тауып алған», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.   

Департамент қызметкерлері 31-ші қаңтарда Отырар ауданы аумағындағы Арыс өзеніне түсіп кеткен баланың денесі 15 наурыз күні табылғанын жеткізді. Ата-анасының сұранысы бойынша құтқарушылар 7 жасар баланың денесін іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жетінші мәртеде табылғанын алға тартты.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері суда 4 жазатайым оқиғасы тіркеліп,  1 балықшы мен 3 жас бала қайтыс болған.