ОҚО-да жоғалған студент қыз өлі табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 10 мамырда жоғалған Айгерім Оспанбекованың мәйіті Қазығұрт ауданынан табылды, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.
None
None

«Қазіргі уақытта күдікті азамат ретінде 1990 жылғы жігіт ұсталды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Ұсталған жігіттің үстінен кісі өлтіру бойынша қалмыстық іс қозғалды», - деді Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков.

Еске сала кетсек, студент қыз Шымкент қаласына оқуға баруы үшін үйінен шыққан. Полицейлер Әйгерімнің 10 мамырда күндізгі сағат үштер шамасында заттарын жинастырып, жолға шыққанын анықтады. Ол Жетісай-Шымкент тасжолының бойынан жолай көлікке отырып, Шымкентке жетуі керек болған. Бірақ, іс-түссіз жоғалып кетті.

«Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың туыстарымен, еріктілермен, облыс жұртшылығымен бірлесіп Әйгерім Оспанбекованы іздеген болатын», делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар