ОҚО-да жоғалып кеткен туристер табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында құздан  өз бетінше түсе алмаған саяхатшылар құтқарылды. 
None
None

Олар Біркөлік тау шатқалына шығып, кері қайта алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі
null 

Төлеби ауданындағы тау шатқалына саяхаттап шыққан 19 және 20 жастағы екі жігіт  2 мың метрлік биіктікке көтерілген. Алайда қайтар кезде жолдан адасып, төмен түсе алмай қалған. Шарасыздықтан «112» нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларды көмекке шақырған. Сол күні техникамен жарақтанған құрамында 4 қызметкері бар жедел-құтқару тобы Төле би ауданындағы демалыс аймағына  аттанды. Оқиға орнына кешкі сағат 19:39-дар шамасында жеткен құтқарушылар саяхатшыларды екі сағаттан кейін тауып алды. Кейіннен альпинистік арқандармен оларды төменге түсірген. Құтқару кезінде олардың жағдайы қалыпты болды, медициналық көмекті қажет еткен жоқ.  

Өз кезегінде өңірдің төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға саяхатқа шығар кезде алдын ала тиісті орындарға тіркелу қажеттігін ескертеді.  

Соңғы жаңалықтар