10:05, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
ОҚО-да жүргізілген рейдтің барысында жол қозғалысы ережесінің 1700 бұзушысы анықталды
ШЫМКЕНТ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда жол полициясы қызметкерлері «Түнгі рейд» шарасын жүргізді. Шараның барысында жол қозғалысы ережесінің 1700 бұзушысы анықталды.

Полицейлердің мәліметтері бойынша, 45-тен астам адам рөлге мас күйінде отырған, жол қозғалысы ережесінің бұзушылығы үшін 160-тан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды. 66-ы көлік жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескені үшін, 300-ге жуық адам «қауіпсіздік белдігін» тақпағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ 300 жүргізуші көлікті тиісті құжатсыз жүргізген.
Айта кетейік, жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін жаяу жүргіншілер де - 39 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.