ОҚО-да жыл басынан бері жол көлік оқиғасынан 164 адам қаза тапқан

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 1013 жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 164 адам қаза тапқан. Тағы 1428 жолаушы түрлі дене жарақатын алыпты. Бұл туралы бүгін өңірдің көлік прокуроры мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

Шымкент көлік прокуроры Ғалым Байғонысовтың сөзінше, жолаушыларды автокөлікпен заңсыз тасымалдау жол апаттарының негізгі себептерінің бірі болған. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 айында қоғамдық көліктердің қатысуымен 22 жол көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапқан. Тағы 29 жолаушы жарақат алды.

"Жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылар артық пайда табамын деп күнделікті медициналық, техникалық байқаудан өтпейді. Жол ережелерін сақтамайды. Осындай әрекеттер соңында жол апаттарына әкеп соғады. Осы мәселе бойынша прокуратура тиісті талдау жүргізіп, құзырлы мемлекеттік органдар (жергілікті полиция қызметі) заңсыз тасымалдаушылармен тиісті деңгейде күреспейді деген тұжырымға келіп отыр"- деді Шымкент көлік прокуроры.

Осыған орай Шымкент көлік прокуратурасы 15-ші тамыздан бастап арнайы рейд өткізуде. Нәтижесінде бір аптаның ішінде 30 заңсыз жолаушы тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Рейдтік шаралар жалғасатын болады деді прокурор.

null 

null


null

Соңғы жаңалықтар