ОҚО-да жыл соңына дейін 18 көпір пайдалануға беріледі

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, осы жылы 26 көпірге, яғни, 11 өткелге күрделі жөндеу, 15 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Жыл қорытындысымен аталған 26 жобаға тиісті сараптама қорытындысы алынбақ. Осыған сәйкес, 26 жобаға құрылысты жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, аталған нысандарға келесі 2018 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.
Айта кеткен жөн, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы 409 көпір бар. Аталған нысандардың 290-ы қанағаттанарлық жағдайда болса, қалған 119-ы жөндеуді қажет ететін көпірлер, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.