ОҚО-да жыршылар мен термешілер бас қосты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында "Қазақтың дəстүрлі өнер, жыр-термесі" атты семинар-кеңес өтіп, əншілер мен жыршы-термешілер бас қосты. Жиынға облыс аумағындағы аудандық, ауылдық мəдениет үйлері мен клубтардың мәдениет қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Елбасы Н. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" мақаласы аясында ұйымдастырылған басқосу қазақтың жыр-терме жанрының көпшілікке кеңінен насихаттау мен жыршылар мен термешілердің бай мұраларын елге таныту мақсатында өткізілді.
null

Кеншілер қаласында ұйымдастырылған шара Қаратаудың арқалы сері жырауы Бекболат Ердəулетұлының өнердегі шығармашылығына арналған көрмені тамашалаудан басталды. Семинар барысында "Жыр-терме өнерінің тарихы мен дамуы" тақырыбында Бүкілодақтық халықтар творчествасы фестивалінің лауреаты, жыршы Абылай Бөріханов, "Қазақтың дəстүрлі əндері" тақырыбында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы фольклорлық зертханасының ғылыми қызметкері, дəстүрлі əнші Айткүл Пазыловалар баяндама оқыды.

null

Сондай-ақ "Дəстүрлі əн айту ерекшеліктері" жайын ҚР Мəдениет қайраткері, республикалық байқаулардың лауреаты Абылайхан Оспанов сөз етсе, семинарға қатысушылар  жыршылық-жыраулық өнер мен жыршылық өнердің негізгі ұғымдары, терме сөздің тұнығы сынды бірқатар ауқымды мəселелерді өзара талқылап өтті.  Басқосу аясында  жыршылық, термешілік, дəстүрлі əн айту жанрлары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум