ОҚО-дағы геология зерттеу нысанында үш көлік бірдей жанып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысының геология зерттеу нысанында үш көлік бірдей жанып кетті.  Өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Созақ ауданының Таукент елді мекенінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

ОҚО-дағы геология зерттеу нысанында үш көлік бірдей жанып кетті

Өрт «Волковгеология» АҚ-ға қарасты жалпы көлемі 600 шаршы метр болатын «ГРЭ-5» темір  гаражында орын алған. Гараждың ішіндегі«КамАЗ»  автоцистернасы, «Паз» автобусы және  экскаватор  жанып кеткен. Өрттің салдарынан гараж майысып, зақымданған. Жалынды ауыздықтауға 8 өрт сөндіру қызметкері мен 2 техника жұмылдырылып, түнгі  00:20-да толық сөндірілді.   

Аталған аудандағы тағы бір төтенше жағдай  Қарағұр  ауылында  болды. Тұрғын үйдің ауласында орман шаруашылығына тиесілі мемлекеттік нөмірі 02 DZA 91 тіркемелі вагонның ішінде газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, салдарынан 45 және 68  жастағы инспекторлар күйіп қалды.   Қазіргі таңда екеуі де Созақ аудандық орталық  ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа деңгейде.