ОҚО-дағы кәсіпорын үш елге шифер экспорттап жатыр
«Оңтүстік» индустриалды аймағынан ашылған «Tectum Enjineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев аралап көрді. Бүгінде шифердің бірнеше түрін шығаратын кәсіпорынның жобалыұ құны 1,9 млрд теңгені құрайды. «Хатчек» әдісін қолданатын өндіріс орнында 200-ге тарта адам жұмысқа тартылған. Ал , шығарылған өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, қалған 40 пайызы Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан елдеріне жөнелтілуде.
Зауыт жылына 2,3 млн. дана шифер өндіру мүмкіндігіне ие болып отыр. Индустриялды аймаққа жасаған сапары барысында өңір басшысы «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауытының құрылысымен де танысты. Келер жылы іске қосылатын өндірістің жалпы құны 4,2 млрд. теңге болып отыр. Жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.