ОҚО-дағы профессор латын әліпбиіне көшудің 22 себебін атады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының профессоры Құлахмет Молдабек латын әліпбиіне көшудің 22 себебін атады. Педагогика ғылымдары докторының сөзінше әліпбиді көшірудің тиімді тұстары жетерлік, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-дағы профессор латын әліпбиіне көшудің 22 себебін атады

Профессордың айтуынша латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мол. Мәселен:

1. Қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады;

2. Елдің әлемдік экономикаға енуіне мүмкіндік туғызады;

3. Әлдеқайда тұтасқан ұлттық өзгешелікке қол жеткізеді;

4. Қазақстан қоғамының басын біріктіреді;

5. Қазақша сөйлейтіндердің санын көбейтеді;

6. Қазақ тілінің мәртебесін биікке көтереді;

7. Көптеген шет елдермен өзара қарым-қатынас жағдайында жұмыс жасау мүмкіндігін арттырады;

8. Интернетті игеруді жеңілдетеді;

9. Ағылшын тілін меңгеруді оңайлатады;

10. Емлемізді, ережемізді, орфографиямызды жаңғыртады;

11. Тіліміздегі жазу сауаттылығын арттырады;

12. Емле, лексика, орфоэпия мәселелерін жөнге келтіреді;

13. Дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптарының латын әрпіне негізделген;

14. Түркі халықтары да латын таңбаларына негізделген ортақ әліпбиге көшеді;

15. Тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын әрпімен жазылғады;

16. Компьютерлік техникалардың көпшілігінің латын әліпбимен жұмыс істейді;

17: Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқартылады;

18. Сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады;

19. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарады;

20. Ол балабақша мен бастауыш мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үдерісін жеңілдетеді;

21. Уақыт та, қаржы да үнемделеді;

22. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.