ОҚО-дағы той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіруде

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіруде. 
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Салтанат Бегімбайқызының сөзінше, қазір ЖПП қызметкерлері барлық бейне түсірілімдерді қарап шығып, ондағы көліктердің кімге тиесілі екенін анықтауда. Сондай-ақ бейнежазбадағы тікұшақ та полицейлердің басты назарына алынған. Әуе кемесінің тым төмен әрі көліктерге жақын ұшуы қаншалықты тиісті талаптарға сай келетіні тексерілетін болады.

null 

Ал, әзірге тікұшақтың кортежбен бірге жүруі барлық әлеуметтік желілерді шулатып жатыр.

Бейнежазбаға қарағанда, Bentley, Lexus және  Land Cruiser көліктерін жалдаған той иесі бай, ауқатты болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшыларына оларды табу аса қиынға соға қоймас. 

Соңғы жаңалықтар