ОҚО-дағы жол-көлік апатында ер адам қаза тапты, тағы біреуі жапа шекті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да жол-көлік апаты салдарынан ер адам қаза тапты, тағы біреуі жапа шекті.

ОҚО-дағы жол-көлік апатында ер адам қаза тапты, тағы біреуі жапа шекті

Жол-көлік оқиғасы Көксаек кентінде орын алды. Audi 100 жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп Sinotruk жүк көлігіне соғылды. Жеңіл көлік ішінде бұл кезде 1982 жылы туған жолаушы болған. Оны және жүргізушіні түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізді. Жүргізуші, Төле би ауданының 37 жастағы тұрғыны есін жимай ажал құшты. -

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.