ОҚО-дан Астанаға қарай ауыл шаруашылығы керуені жол тартты

ШЫМКЕНТ - Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

ОҚО-дан Астанаға қарай ауыл шаруашылығы керуені жол тартты

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған орай, өңірден елордаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 теңге бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы мен 5 тонна кептірілген жеміс,  15 тонна басқа да өнімдер бар.

Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны - 100,8 млн теңге. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері  сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.

null null