ОҚО диқандары 600 мың тоннаға жуық көкөніс жинады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жиын терім науқаны басталды. Бүгінде облыста көкөніс, картоп, бақша дақылдарының жиыны басталды.

ОҚО диқандары 600 мың тоннаға жуық көкөніс жинады

«Қазіргі таңда диқандар 350 мың тонна көкөніс, 120 мың тонна картоп, 240 мың тонна бақша өнімдерін жинады. Олар өздерінің өнімдерімен еліміздің барлық өңірлерін қамтып, артық өнімдерді Ресей мемлекеті мен солтүстік облыстарға жөнелтуде», деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі әкімінің баспасөз қызметі.

Аграрлы аймақта осы жылы көкөніс пен картоп дақылдары жалпы 52,3 мың гектарға, ал  бақша өнімі 59,1 мың гектар жерге егілген.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін 890 мың тонна көкөніс, 1,4 млн тонна бақша, 256 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде.

Экономикамыз ауыл шаруашылығына бейімделген өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандырып, егіс, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өнім көлемін арттыру мақсатында  бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 Облыстан негізінен экспортқа: картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады.