ОҚО диқандарының өнімдері астаналықтарға тегін таратылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде Мақтарал ауданынан барған бірнеше өнім түрлері тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

null
Мақтарал ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Мырзашөл өңірінен жеткізілген 10 тонна қауын мен 350 келі қауынның қағы, сондай-ақ 10 тонна қарбыз бас қаланың тұрғындарына тарту етілді. Бұдан бөлек, ауданнан жіберілген 3 тонна қызанақ, 3 тонна қияр, 2 тонна қырыққабат, 2 тонна пияз, 2 тонна сәбіз, 1 тонна болгар бұрышы, 2 тонна баялды, 3 тонна картоп, 15 тонна қарбыз, 15 тонна қауын мен 1 тонна жеміс-жидек өнімдері 15 пайыз жеңілдікпен сатылуда.
null 

«Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында тегін қауын таратылып жатқанын естіп келіп отырмыз. Әлемдегі ең тәтті қауын Мырзашөлдің қауыны десем артық айтқандық емес. Дегенмен, Астанада оның бағасы қымбат болғандықтан көп студенттердің оны сатып алуға шамасы келе бермейді. Бүгін біз сияқты студенттердің қуанышында шек жоқ. Жаңа оқу жылын осылайша молшылықпен бастап жатырмыз» - деді Астаналық студент Айдана Базарбаева.

Соңғы жаңалықтар