ОҚО: Елбасы Жолдауы мектепте түсіндірілді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын насихаттау мақсатында өткен жиынға Пердехан Жаппарқұлов қатысып, мерейлі мерекемен құттықтап, Елбасы Жолдауына тоқталып өтті.
Жиын барысында Ә.Байтанаев мектебінің мұғалімі Г.Тастанбекова «Елбасы Жолдауы - ел мұраты» атты баяндамасын оқыса, «Мұраты асыл Тәуелсіздік» атты видеоролик көрсетілді. Дөңгелек үстел мектеп оқушыларының «Тәуелсіздікке тарту» концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты.
Айта кету керек, Жолдауда Президент басым бағыттағы маңызды он мәселеге кеңінен тоқталған болатын. Олардың қатарында қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру мәселелері бар. Сонымен қатар, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Президент Н.Назарбаев Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.