ОҚО-ға келген Грекия елшісі ассамблея мүшелерімен кездесті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген Грекияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис өңірдегі Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында болды. Сапар барысында елші облыстық ассамблеяның жұмысымен танысып, грек этномәдни бірлестігінің мүшелерімен бейресми жағдайда кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Басқосуға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұрат Қалмұратов қатысып, өңірде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, этнос өкілдерінің экономиканы ілгерілетуге қосып жатқан үлесі жайында ақпарат берді. Ал, Грекия елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ел саясатын жүзеге асыру үшін құрылған, әлемде теңдесі жоқ институт - Қазақстан халқы ассамблеясы жайында айта келе, этномәдени бірлестіктер қызметін дамытуға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықты арттырып, экономикалық байланыстарды нығайту жайы да сөз болды.

Соңғы жаңалықтар