ОҚО Қарнақ ауылында автокөлік 8 жаяу жүргіншіні қағып кетті - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында автокөлік 8 жаяу жүргіншіні қағып кетті,

ОҚО Қарнақ ауылында автокөлік 8 жаяу жүргіншіні қағып кетті - ТЖМ

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы ақпанның 4-інен 5-іне қараған түні сағат 01.30-да Кентау қаласындағы Қарнақ ауылында орын алды. «ВАЗ» автокөлігінің астына түскен 18 бен 26 жас аралығындағы барлық сегіз азамат ауруханаға жеткізілді.