ОҚО кәсіпкерлері Астанаға костюм мен трансформаторлар әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында облыстың кәсіпкерлері өз өнімдерін көрмеге шығарды. Кәсіпкерлер негізінен көрмеге кілемдерін, костюм мен трансформаторлар әкеліп қойған, деп хабарлайды ҚазАқапарат.
None
None

null null
«ОҚО-ның  Астанадағы күндері аясында облыстағы өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі  өтіп жатыр. Көрмеге өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары саласындағы 30 кәсіпорын өздерінің отандық өнімін көрмеге қойған. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көрмені жеке аралап көріп шықты», - деп хабарладйды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Кәсіпкерлер Астанадағы көрмеге кілемдерін, ерлер костюмінің түрлерін, трансформаторлар, дәрі-дәрмек пен медицинадағы құрал-жабдықтарын, шұлық, тоқыма, жиһаз, құрылыс заттарын әкеп қойған. 
Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптегі кәсіпорындары жыл басынан бері 515,4 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6 млрд теңгеге артық. 

null  

Соңғы жаңалықтар