ОҚО кеденшілері 5 млн. теңгеге кептірілген жеміс контрабандасын ұстады
ШЫМКЕНТ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат -Тәжікстаннан Қазақстанға 5 млн. теңгеге кептірілген жеміс контрабандасын өткізбекке әрекеттенгендердің жолы кесілді.
Тәжікстаннан Қазақстанға келген құжатсыз тауар теміржол вагонында анықталды. Пойыз Сарығаш стансасына тоқтады. Пойыздың құрамын «Сарыағаш» стансасы кеден қосының қызметкерлері Арыс көлік прокуратурасымен бірге тексерді.
Республиканың аумағына әкелінген тауар (кептірілген жемістер) Өскеменде орналасқан компанияға тиесілі екені белгілі болды.