ОҚО-ның Астанада өткізген бизнес-форумында 6 меморандумға қол қойылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форум болып өтті. 
None
None

null
ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен «Қазақстан Даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев қатысқан форумда даму институттары мен екінші деңгейлі банктер мен кәсіпкерлерден құралған 150- ге жуық адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бизнес-форум барысында өңірдің инвестициялық жобалары, инвестпреференциялар мен туристік өнімдердің таныстырылымы өтті. Кездесудің басты мақсаты - оңтүстіктің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыра отырып, өңірге инвестиция тарту. Осы арқылы облыс экономикасын дамыту және өңірге туристерді көптеп шақыру болды.

null

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан өңір саналады. Бұл ретте облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқанын, соның нәтижесінде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келетінін жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі, әлемде сапалы азық-түлік өніміне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Тұтынушы сапа мен қауіпсіздікті талап етеді. Бұл тұрғыда Қазақстанға Ресей, Қытай, Иран және басқа да елдер секілді жаңа нарық ашылуда. Осы нарықты игеруде Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор. Себебі, тарихи өлкенің аграрлы саласы жақсы дамыған. Соңғы 3 жылда жиналған бақша өнімдерінің көлемі 1 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстандағы жылыжайдың 90 пайызы біздің өңірде орналасқан. Мақта толығымен, ал жүзім мен бақша өнімдерінің 70 пайызы осы облыста өсіріледі»,-деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

null

Бизнес-форум аясында 6 меморандумға қол қойылды. Солардың алғашқысы болып «Шымкент» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы Қытайдың Аньхой провинциясы халықаралық сауда қатынасын дамыту комитетімен екіжақты түсіністік жөнінде меморандум түзілді. Сондай-ақ дәл осы компания «НГ-Энерго» ААҚ-мен әріптестік арттыру жөнінде келісімге келді. Қос тарап алдағы уақытта өзара қарым- қатынасты дамыта түсуге уағдаласты.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды -иновациялық даму және туризм басқармасы мен «POWER LANDMARK HOLDINGS LTD» компаниясы арасында өзара келісімге келіп, инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде меморандуға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар