ОҚО-ның құтқарушылары Шығыс Қазақстанда су бөгеттерін нығайтып жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төтенше жағдайлар департаментінің топтастырылған күш-құралдары Шығыс Қазақстан облысындағы су басқан Глубокое және Шемонаиха аудандарында құтқару шараларын жалғастыруда. Олар тұрғын үйлерден, жер төлелерінен, үйлердің ауласынан ерінді жаңбыр суларын сорғыту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-ның құтқарушылары Шығыс Қазақстанда су бөгеттерін нығайтып жатыр

ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірдің құтқарушылары 5 күн ішінде 10 көшеде орналасқан 45 үйден су сорғыту шараларын жүргізген. Баспаналардан тартылған судың жалпы көлемі 21 мың текше метрден асқан. 26-шы наурыздан бері департаменттің екінші топтастырылған күштері Глубокое ауданында жұмыс атқарып, ол жерде суды тартып алу жұмыстарымен қатар су бөгетін нығайтуға атсалысқан. Ондағы үйінділерді көтеру үшін құм толтырылған қапшықтарды қою жұмыстарын жүргізген. Бұл жұмыстар ауданның Глубокое, Прогресс, Предгорный, Белоусовка, Заречное бес ауылында атқарылыпты.

nullӨрт сөндіру қызметінің өкілдері подполковник Н.Таукеевтің басшылығымен жалпы көлемі 28 мың текше метрден асатын суды шығарған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер алты ауыз су құдықты тазартуға көмектескенін айтады.
 null  null   

Авариялық-құтқару жұмыстары Шығыс Қазақстанның өрт сөндіру бөлімдерімен бірлесіп жүзеге асырылған. Түнгі уақытта құтқарушылар жеке тұрғын үйлердің аумақтарын аралап, кезекшілікті ұйымдастыруда. Су басу салдарын жою жұмыстары тәүлік бойы жүргізілуде екен.

nullnullnull