09:16, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
ОҚО-ның тойханаларының бірінде 17 адам жүйке жүйесінің жұмысын тежейтін газбен уланды - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылының тойханаларының бірінде жүйке жүйесінің жұмысын тежейтін газ шашылуы салдарынан 17 адам ауруханаға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Оқиға желтоқсанның 28-і күні сағат 17.45-те «Қазақстан» тойханасында орын алған. Газға уланған 17 адамның 4-еуі стационарға жатқызылып, 13-і алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды.