ОҚО-ның Ұлттық спорт мектебіне 10 жыл толды

Аталған мектепте қазақтың ат спорты мен қыз қуу, теңге ілу, бәйге, аударыспақ, сайыс, көкпар, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындары бойынша спортшылар дайындалады. Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен барлық әлемдік деңгейдегі ат спорты ойындары жарысында дәл осы мектептің спортшылары. Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында өткен бірқатар ауқымды іс-шараларда аударыспақ ,теңге ілу,қыз қуу ойындарында ешкімге дес бермеді. «Қазанат» ипподромында өткен көкпардан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ОҚО облысының 5-шабандозы өнер көрсеткен болатын. Осы жарыста Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының тұңғыш жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Ұлттық мектептің шабандоздары Ақтөбе қаласында өткен «Ақ бидай» ауыл ойындарында да топ жарды. Ұлттық спорт мектебінде құсбегілік өнер мен олимпиада бағдарламасына енген конкур спорты да дамып келеді.
Тағы асық ату мен ләңгі тебу спорты да жақсы жолға қойылған. Ендігі кезекте осы спортты жаңғыртып, жыл сайын дәстүрлі түрде ойнауға спортшылар барымызды саламыз деп отыр.