ОҚО-ның үш ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында үш ауданында мал ұрлығымен айналысып жүрген қылмыстық топтың мүшелері сотталды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, барымташылар 20 түрлі мал ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-ның үш ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды

Барымташыларды ұстауға Ордабасы ауданының бірнеше тұрғыны полиция бөліміне арызданып келуі себеп болыпты. Азаматтар арыздарында белгісіз біреулер жайылым жерлерден және қоралардан малдарын ұрлап кеткені туралы көрсеткен. Мәселен, сәуір айында 58-жастағы жергілікті тұрғынның жайылымда жүрген екі сиыры қолды болған. Осы қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі мамандары барымташылардың ізіне түседі. Жедел шара барысында 7 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олардың барлығы да Шымкент және Ордабасы ауданының тұрғындары екені анықталған. 
null 

Тергеу  барысында 22 және  27 жас аралығындағы күдіктілердің Ордабасы, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында тұрақты түрде барымташылықпен айналысып, жәбірленушілерге жалпы көлемі 6 миллион теңгеден аса шығын келтіргені дәлелденді. Ал, қылмыстық топты 23 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны басқарған. Топтың әрбір мүшесінің өзінің қызметі болған. Бірі жәбірленушіден мал ұрлап алса, екіншісі оны сатып келген. Үшінші адам  ұрлыққа жөн сілтеуші болған.  Олар көбінде тұрғындардың үйінде болмағанын пайдаланып қорасы мен жайылымнан ірі қара малдарын ұрлаған. Қолды болған малдарды сатып, ақшасын иемденіп кетіп отырған. Полицейлер ұрланған малды сатып алып отырған адамды да  ұстады. Аталған жайттар бойынша Қылмыстық кодекстің  262-бабының 1-2 бөлігі «Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару» және 188-бабы «Ұрлық» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді.

Бүгінгі таңда соттың шешімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 23 жастағы Дауренбек Қойшыман 7 жылға сотталса, өзге мүшелері 5,8 жылға бас бостандықтарынан  айрылды.