ОҚО-ның жоғары жылдамдықты күре жолында жолаушыларды тасымалдаушы екі автобус соқтығысып қалды

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Кеше, жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы «Алматы-Термез» автожолының 762-ші шақырымында «Setra» үлгісіндегі жолаушылар тасымалдаушы екі автобус соқтығысты,

ОҚО-ның жоғары жылдамдықты күре жолында жолаушыларды тасымалдаушы екі автобус соқтығысып қалды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Соқтығысу кезінде екі автобустың салонында 75 жолаушы болған. Апат салдарынан автобустың бірінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның 14, 37 және 23 жастағы үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Құрбан болғандар жоқ.