ОҚО-ның жүргізушілері 1 млрд теңге айыппұл төлейді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының жүргізушілеріне «КРИС-П» қондырғысы арқылы 1 млрд теңге айыппұл салынған. Бұл сомма 27 мыңнан астам көлік иелеріне салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құзырлы орган өкілдері қомақты айыппұлдардың небәрі төрт айда ғана салынғанын айтады. Қазынаға 200 млн теңгесі төленіпті. Айыппұлдардың көлемі негізінен 22 мың мен 68 мың аралығында құрайды. Әзірге өңірде«КРИС-П» қондырғысының 6-ауы Қонаев, Бәйдібек би даңғылдары мен Төлеметов, Арғынбеков көшелеріне қойылған. Қалғаны республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың жиегіне орнатылыпты.
«КРИС-П құрылғылары жолдардағы сыбайлас жемқорлықты азайтады. Фоторадарға түскен барлық мәліметтер ғаламтор арқылы Облыстық ІІД-нің базасына түседі, әрі ол мәліметтерді өшіру де мүмкін емес», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Сейдахмет Забиров.