ОҚО оқушылары республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары 2015-2016 оқу жылындағы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІ республикалық «Зерде» конкурсында топ жарып, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Ақмола облысының Щучье қаласында өткен жарыста өңіріміздегі «Төржан» гимназиясы, №1 А.Пушкина атындағы мектеп-гимназиясы, №71 жалпы орта мектебі, З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей мен №9 мектеп-лицейі, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп гимназиясы және А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің оқушылары математика және әдебиет секциялары бойынша бірінші орынға ие болса, қазақ тілі мен әдебиеті және өлкетану пәндері бойынша екінші орынды иеленді.  

Ал физика техника, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, экология және этномәдениеттану секцияларынан оңтүстік өңірдің оқушылары үшінші жүлделі орынға лайықты деп табылды.

Конкурсқа республиканың барлық облыстарынан және республикалық білім  ұйымдарынан 500-ге жуық оқушы қатысқан болатын. Оңтүстік Қазақстан облысынан 17 оқушыдан тұратын команда 13 жоба бойынша бағын сынады.

Ғылыми жоба жарысынан топ жарған оқушыларымыз мұнан соң, республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында юболып,  Бурабайдың  ең көрікті орындарына саяхат  жасап  жоғары  көңіл-күймен қайтты.

Айта кету керек, 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді.

null  

Соңғы жаңалықтар