ОҚО: Ордабасы ауданында 2015-2016 жылдары ана өлімі болмаған

Дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлерді қайта даярлық курстары мен біліктілік дәрежесін көтеру бойынша оқытуға жіберуді, санаттылық көрсеткіштерін жоғарылатуды, жергілікті жерге қажетті мамандарды тартуды, ауылдық емханалардағы зертхана ісін сапалы жүргізуді, медициналық қондырғыларды іске қосуды, жедел жәрдем жұмысын жандандыру жұмыстары жолға қойылып келеді. Жалпы аудан халқына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек өз деңгейінде көрсетілуде. Бірақ әлі де шешімін күтіп отырған мәселелер де бар.
Айта кететін жағымды көрсеткіштердің бірі, 2015-2016 жылдары ауданда ана өлімі орын алмаған. Жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіші бойынша ауданда соңғы үш жылдан бері биыл бірінші рет төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Ана өлімін мүлдем болдырмау, сәбилер өлім-жітімін төмендету мақсатында қолға алынып жатқан жұмыстар бақылаудан бір сәт те шыққан емес. Ауданда аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым азайған. Бұл нақты жоспармен жұмыс жүргізудің игілігі болса керек.