ОҚО: Сайрамда өткен жылы 103 шағын мал бордақылау алаңы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында бір жылда ауданның ауылшаруашылығы саласында 58,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өсім 103,6 пайызды құрап, облыс бойынша үшінші орынға тұрақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылшаруашылығы саласы дамыған ауданда 26,7 мың тонна ет, 119,3 мың тонна сүт, 15,9 млн дана жұмыртқа өндірілді. Жылыжай шаруашылығында да алға жылжу бар. Ауданда  8 га жерге жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 27,35 гектарға ұлғайтылды. 103 бірлік 10-15 бастық шағын мал бордақылау орындары, 41 жанұялық сүт аулалары ашылды. 2017 жылдың 26 қазаны күні облыста ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «AGROFEST-2017» мерекесі өткізіліп, жыл қортындысымен аудан еңбеккерлері облыста сүт өндіруден  көш бастап,  көкөніс өндіруден екінші орын және ет, мақсары өндіру мен тамшылатып суғару әдісін ендіруден үшінші орынға тұрақтады.

null 

Елбасының «100 нақты қадам - Ұлт жоспарындағы» ет және сүт өнімдерін өндіру, оларды жаңа технологиялар негізінде қайта өңдеу көлемін арттыру айтылған. Бұл ретте ауданда  2021 жылға қарай қайта өңдеу кәсіпорындары өндірілген өнімдердің  өңдеу үлесін арттыру көзделіп отыр. Мәселен, ет өңдеуді  21 пайызға, сүт өңдеуді 23 пайызға, көкөніс-жеміс өңдеуді  46 пайызға  жеткізу жоспарланған.

null 

Соңғы жаңалықтар