ОҚО: Шардара ауданының әкімі ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облдысы Шардара ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен бір топ сала мамандары Ақ алтын және Егізқұм ауылдарында болып, тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Ақ алтын ауылының тұрғындары негізінен ауыз су мәселесін көтеріп, әкімдіктің бір әрекет етуін сұрап жүрген еді. Коммуналдық сала мамандарының айтуынша ауылда су жоқ емес, бар. Бірақ, ауыл тұрғындары түгелдей құбыр желісін аулаларына тартпаған. Ауыл орталығында таза су беретін «Омега» қондырғысы бар, бірақ оған да күрделі жөндеу қажет. Екі жақты мұқият тыңдаған аудан әкімі тұрғындарға түгелдей құбыр желісіне жалғану керек екендігін түсіндірді. Содан соң, ауыз су торабының қызметкерлеріне 1 қарашаға дейін үздіксіз су ағызып қою жөнінде тапсырма берді. Ал, ауыл адамдары осы аралықта көшеге келіп тұрған құбыр желісінен үйлеріне су тартып алатын болды.

Сондай-ақ, аудан әкімі «Омега» қондырғысын іске қосу жөнінде де жақсы хабар жеткізді. Биыл аудан бойынша 4 «Омеганы» күрделі жөндеуден өткізуге 3,9 млн теңге қаржы қарастырылып отыр. Жақын күндерде өтетін бюджетті нақтылау кезінде осы қаржыны бөлу қарастырылмақ. Күрделі жөндеуден өтетін қондырғының біреуі осы ауылдағы «Омега» қондырғысы екенін естіген тұрғындардың көңілдері жайланды.

Бұдан кейін аудан басшысы Арман Абдуллаев «Жол картасы  2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен танысты. Ауылдағы орталық көшеге салынып жатқан 270 метрлік аяқжол осы қазан айында аяқталмақ. Аудан әкімі тиісті мамандарға жұмысты сапалы жасап әрі уақтылы бітіруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар