ОҚО спортшылары Голландияда армрестлингтен чемпион атанды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары Голландияда армрестлинг спортынан өткен жарыста чемпион атанды. Халықаралық турнирден үш спортшы бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО спортшылары Голландияда армрестлингтен чемпион атанды

Голландия мемлекетінің Урк қаласында армрестлингтен турнир өз мәресіне жетті. Осынау халықаралық сайысқа әлемнің 15 мемлекеттінің құрамалары қатысты. Онда Қазақстаннан 5 спортшы бағын сынады.
null 

Еуропа төрінде өткен халықаралық додада Қазақстанның намысын қорғауға Шардараның Шынболат Райханов, Қыдырғали Оңғарбаев, Мағжан Шәмиев, Талғат Ақтаев және Қаржау Есболат сынды жігіттері барды. Жарыс қорытындысы бойынша 75 келі салмақта Талғат Ақтаев, 88 келі салмақта Мағжан Шамиев, 102 келі салмақта Шынболат Райханов бірінші орын алып чемпион атанды.
null 

Ал, Қаржау Есболат 88 келі салмақта екінші орын иеленді. Турнир соңында абсолютті салмақ дәрежесінде «Туйе палуан» атағы үшін ең мықты кәсіпқой спортшылар күш сынасты. Олардың арасында Қыдырғали Оңғарбаев өз шеберлігін танытып, «Туйе палуан» атанды. ОҚО бойынша армрестлингтен аға жаттықтырушы Сейфулла Нұрхалықов бастап барған Шардараның спортшылары осылайша Еуропа төрінде атой салып, ел намысын абыроймен қорғай білді.