ОҚО: Түлкібаста «Біз Қазақстанның келешегіміз!» атты жастар форумы өтті
Форумды "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы А. Асильбеков жүргізіп отырды. Форум барысында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кәсіпкерлерді қолдау орталығының директоры М. Ергебеков өз баяндамасында айтып өтті.
Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің ювенуалды полиция инспекторы аға лейтенант Н. Есенбеков аудан көлеміндегі жастар арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар, құқықбұзушылық, суйцид бойынша баяндап, жастарды қылмыстық жағдайлардан бойларын таза ұстауға шақырды. Жастар жарыссөзге шығып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға білікті мамандардар мардымды жауаптар алды. Қатысушы жастар арнайы сертификаттармен марапатталды. Қорытынды сөз аудан әкімінің орынбасары Жанар Әлібекқызына берілді. Жанар Әлібекқызы жастарды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тартып, еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін айтып ізгі ниетін білдірді. Форумның соңында жастар естелік суреттерге түсті.