ОҚО туристік бизнес өкілдері үшін атырау қаласына роуд-шоу ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына туристер тарту мақсатында кәсіпкерлер мен туристік бизнес өкілдеріне «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық Орталығы Атырау қаласына роуд-шоу ұйымдастырды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Аталған шара ішкі туризм мен облыстың туризм индустриясын дамыту ассоциациясы және облыстың кәсіпкерлер палатасымен бірігіп «QAZAQAir» әуекомпаниясының қолдауымен ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шарада делегация құрамы Сарығаш курорттары, қонақ үйлер және туроператорлар өкілдері көрсететін туристік қызметтері бойынша презентация жасап, өңірімздің көрікті жерлері туралы ақпараттық жарнамалық материалдар таратты.

Атырау облысы тарапынан 33 туристік мекемелер, ассоциациялар және мемлекеттік органдар қатысып, нәтижесі бойынша бірнеше келісім шарттарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, ОҚО делегациясымен Атырау облысының 12 ірі кәсіпорындарының жұмысшыларына тұсау кесер өткізу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар