Өкпе аурулары Еуропадағы әрбір оныншы өлім-жітімге себепші

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өкпе аурулары Еуропадағы әрбір оныншы өлім-жітімге себепші. Бұл туралы Еуропалық респираторлық қоғамның есебінде хабарланды, деп жазады Би-Би-Си.

Өкпе аурулары Еуропадағы әрбір оныншы өлім-жітімге себепші

Бұл тұрғыда ең басты себептердің бірі темекі тартуға байланысты болып отыр.

Өкпенің қатерлі ісігі мен өкпенің созылмалы обструктивті індетінен өлім-жітім көлемі алдағы 20 жылда артатын көрінеді.

Алайда британдық British Lung қайырымдылық ұйымының мәліметіне қарағанда, Ұлыбританияда өкпе дерттері әрбір төртінші өлімге себепші. Соған қарамастан бұл проблемаға жеткілікті деңгейде назар аударылмай отыр екен.