Өкпе ауыруымен ауыратын балабақша директоры қызметінен босатылды

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Жаңақала аудандық прокуратурасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары өңірдегі балабақшалардың қызметіндегі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер талаптарының сақталуына тексеру жүргізген. Шара барысында аймақтағы балабақшалардың бірінің  директоры  өкпе ауыруымен  ауыратындығы анықталған,

Өкпе ауыруымен ауыратын балабақша директоры қызметінен босатылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 466 бұйрығымен бекітілген туберкулезбен күрес туралы нұсқаудың 76-шы тармағында өкпе ауыруына шалдыққан  адамдар мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына қатыстырылмайды деп көрсетілген.
Осыған орай аудандық прокурордың ұйғарымымен және білім беру бөлімі бастығының бұйрығымен аталған балабақша директоры лауазымынан босатылды.