Өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев қала ауруханаларының өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратарымен қамтамасыз етілуі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті - Алматы

«Өкпені жасанды желдету құрылғыларына келер болсақ, қазіргі уақытта аппарат жеткілікті. Ресей бізге «Авента» ӨЖЖ құрылғысының 20 данасын сыйламақ болған. Алайда түрлі себептерге байланысты олар бізге жібере алмады», - деді Тілеухан Әбілдаев Алматыдағы Қоғамдық кеңестің онлайн отырысында.

Оның айтуынша, кейде Алматыда бірден екі науқасты ӨЖЖ аппаратына қосу керек болып қалады.

«Алматыдағы COVID-19 емдеуге арналған барлық жұқпалы госпитальдер жоғары сапалы, шетелдік өкпені жасанды желдету аппаратарымен қамтамасыз етілген», - деп атап өтті ол.