Оқу-ағарту министрлігіне балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың жоспарын әзірлеу жүктелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мектептерде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Мектептерде балалардың қауіпсіздігі мәселесі ерекше маңызды. Биылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша кешенді жоспарды әзірлеу керек. Онда нақты индикаторлар мен нәтижелер ескерілуі тиіс. Әкімдіктер Адам және бала құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың аумақтық бөлімшелерін құруды жеделдетуі керек», - деді Е.Тоғжанов Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында.

Осы орайда ол Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша білім беру нысандарының біразы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін атап өтті.

«Қысқа мерзім ішінде балалардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдау қажет. Өңір әкімдіктері мектептерді күзету ісіне лицензияланған ұйымдарды тарту бойынша талаптарды орындауы тиіс», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар