Оқу-жаттығу: «Протон-М» құлауына байланысты төтенше жағдай жарияланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Протон-2019» республикалық оқу-жаттығуы өтті, деп деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұланды ауданында ұйымдастырылған оқу-жаттығуда ТЖ жою, ТЖ аймағын радиациялық-химиялық барлауды ұйымдастыру, зымыран отынының компоненттерімен залалданған аумақтарды оқшаулау, бейтараптандыру, өрт ошақтарын сөндіру, қираған ғимараттардың үйінділерін аршу, зардап шеккендерді іздеу және құтқару, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды.

Екінші кезеңге сәйкес Ақмола облысы ТЖД ДЖБ жедел кезекшісіне «Протон-М» зымыран тасығышын орбитаға шығару кезінде оның Бұланды ауданының аумағына шартты түрде құлауы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. 01 Қараша 2019 жылы сағат 09.00-де аудандық ТЖ комиссиясының тұрақты құрамы жиналды. Комиссия құрамы белгіленген уақыт тәртібіне сәйкес келді.

Жиыннан кейін жедел жағдай және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша АҚМЖ аудандық кіші жүйесінің басқару органдарынын, аудандық ТЖ комиссиясы төрағасының шешімдерін тыңдау жүргізілді. Тыңдау барысында дабыл беру және қабылдау, ТЖ орнына күштер мен құралдарды, қажетті жабдықтарды жеткізу, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, ТЖ аймағында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметтердің өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға ерекше назар аударылды.

ТЖ аймағына жедел түрде апатты жою бойынша ауданның жедел тобы, яғни, қоғамдық тәртіпті сақтау, өртке қарсы қызмет, медициналық қызмет, жануарларды қорғау қызметі келді. Сонымен қатар облыстық және аудандық әкімдіктерде Төтенше жағдайлар комиссиясының шұғыл отырысы өткізілді.
Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі зымыран тасығыштың құлау ауданын қоршап алды. ТЖ аймағына түскен ауыл тұрғындары ССҚ-мен жабдықталған автокөліктердің көмегімен қалыптасқан жағдай туралы хабардар етті, сондай-ақ медициналық қызмет қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті. Тұрғындар мен жануарлар қауіпті аймақтан эвакуацияланды.


