Оқулықтар қатаң сараптамадан өтетін болады - ҚР Білім және ғылым министрі
АНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта оқулықтар қатаң сараптамадан өтетін болады.
Бұл туралы бүгін Астанада басталған Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің I съезінің ашылу салтанатында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Осы орайда ерекше атап өтер жәйт, осы жұмысқа қатысатын әрбір сарапшы оқулықтың әдістемесі, мазмұны мен талаптарына емес, толығымен оның сапасына жауап беретін болады. Егер бір қате жіберілетін болса, сарапшы мәліметтер базасынан шығарылып, сараптама жұмысына ешқашан қатыса алмайды», - деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов.